2025 жылдың 22 қыркүйегінде маңызды халықаралық іс-шара – Қытай–Қазақстан жоғары оқу орындарының ректорлары форумы және мектеп директорларының семинары өтті. Іс-шара ГЦНТО, «Тұран» университеті, Сычуань педагогикалық университеті және Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары қауымдастығының қолдауымен ұйымдастырылды.
Форум мен семинардың негізгі мақсаты – білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту. Қатысушылар Қазақстан мен Қытайдың университеттері мен мектептері арасындағы тәжірибе алмасып, бірлескен білім беру жобаларының, ғылыми зерттеулердің және академиялық ұтқырлық бағдарламаларының перспективаларын талқылады.
Іс-шара бағдарламасына мыналар кірді:
• ЖОО ректорларының пленарлық отырысы.
• Білім беру бағдарламаларын интеграциялау мәселелері бойынша тақырыптық секциялар.
• Білім беру үдерісін басқару және инновациялық технологияларды енгізу тақырыбындағы мектеп директорларына арналған семинар.
«Тұран» лицейі» мектебінің директоры, педагогика ғылымдарының докторы, «Тұран» университетінің жоғары мектебінің профессоры Исламгулова С.К. баяндама жасап, оқытуға инновациялық тәсілдерді енгізудің және білім беруді цифрландыру жағдайында оқушылардың зерттеушілік құзыреттерін қалыптастыруда мектептер рөлінің маңыздылығын атап өтті.
Форум конструктивті диалогқа, серіктестік байланыстарды нығайтуға және жоғары және орта білім беру саласындағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындауға тиімді алаңға айналды.




