21 желтоқсан күні Қазақ тілі кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге арналған «Тәуелсіздік деп соғады менің жүрегім!» атты іс-шара өтті.
Мерекелік концертке барлық сынып оқушылары белсене қатысты. Жүргізушілер биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 37 жыл толатынын атап өтті. 6-9 сынып оқушылары тәуелсіздік туралы ән шырқаса, «Мозайка dance» би тобы «Заманның үзілмейтін дәнекері» қойылымын көрсетті. Балалар батырлар туралы бейнероликтерді көрді, тарихи тұлғалар: жазушы және мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың өмірінен үзінділер, Алаш қайраткері Міржақып Дулатовтың, Қайрат Рысқұлбековтың өлеңдері оқылды.
Мерекеге орай ұйымдастырылған шара көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, өте жоғары деңгейде бағаланды. Лицейіміздің бүлдіршіндерінің бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен қазақ батырларына, қазақ жеріне деген құрмет пен құндылықты қалыптастырғаны анық.