31 қазанда «Тұран» лицейі» мектебінің мұғалімдері «Оқушылардың оқу қызметін тиімді басқару шарттары» семинарына қатысты. Іс-шара үш бөлімнен құралды: педагогикалық этика мәселелері, оқу процесін ұйымдастыру әдістері және оқушының оқу іс-әрекетін басқару стилінің тиімділігін анықтайтын факторлар.
Мектеп психологтары дайындаған бірінші бөлімі білім беру процесінің барлық қатысушыларының тұлғааралық қарым-қатынас мәселелеріне арналды. Мектеп психологтары Калачева Т., Кирюшкина Н., Циерт Е., Алимова А. педагогикалық этиканың не екенін айа отырып, практикалық тапсырмалар дайындады, оқушылар арасында сауалнама нәтижелерін жариялады және мұғалімдерге семинар тақырыбы бойынша онлайн-сауалнамадан өтуді ұсынды.
Екінші бөлімі ата-аналар, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы ынтымақтастыққа арналды. Спикер Жеңісқызы А. оқу жылы барысында туындайтын мәселелерді бірлесіп шешу қажеттігіне назар аударды. Семинардың үшінші бөлімінің спикері Потреденная И. А. оқу процесіне қатысушылар арасындағы өзара іс-қимыл мәселелерін тиімді шешу тәжірибесімен бөлісті.