2026 жылғы 18 наурыз күні сағат 16:00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде қазақ халқының ең жарқын әрі маңызды мерекелерінің бірі – көктемнің жаңаруын, бейбітшілік пен дәстүр сабақтастығын білдіретін Наурыз мейрамына арналған «Наурыз. Ұрпақтар диалогі» атты көркемсурет көрмесінің ашылуы өтті.
Көрмеде педагогтер мен олардың шәкірттерінің шығармашылық жұмыстары топтастырылып, тәлімгерлердің тәжірибесі мен даналығы жас авторлардың шынайы, әсерлі әрі жарқын көзқарасымен үйлескен ерекше көркем кеңістік қалыптастырды. Бұл көрме ұрпақтар арасындағы шынайы диалогке айналып, бірлескен шығармашылықтың және мәдени дәстүрлерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізудің маңызын айқындай түсті. Балалар өздерінің суреттері мен кескіндеме туындыларында Наурызды отбасы, достық, ізгі дәстүрлер мен табиғаттың жаңаруының мерекесі ретінде қалай түсінетінін бейнеледі. Жұмыстарда туған үйдің жылуы, бақытты балалық шақ, ұлттық салт-дәстүрлер, көктемгі ойындар мен ортақ мерекенің қуанышы көрініс тапты.
Балалардың өнері көрмеге ерекше жылулық, жарық пен шынайылық сыйлап, мәдени мұраны сақтау мен ұрпақтар арасындағы рухани байланысты шығармашылық пен өнер арқылы жалғастырудың маңыздылығын еске салды.




