«Тұран» лицейі» мектебінің кітапханашысы Д.А. АБДУГАЛИЕВА Республика күнін мерекелеуге арналған 3 «А» және «в» сыныптарында «Менің елім – менің Қазақстаным» атты кітапханалық сабақ өткізді.
Тапсырмалар:
- Оқушылардың бойында патриотизмді, бейбітшілікті, ұлттық келісімді қалыптастыру, балалардың Отанымыз туралы білімдері мен түсініктерін тереңдету және кеңейту;
- Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, туған жер, Қазақстан Республикасының тарихы туралы көбірек білуге деген қызығушылығын және құштарлығын дамыту;
- Өз еліне, халқына деген мақтаныш сезімінге тәрбиелеу.
Оқушылар «Отан» тақырыбына сөзжұмбақ шешіп, өлеңдер оқыды, «Өз Отаныңның патриоты» викторинасына қатысты.
Сабақ қызықты, мазмұнды, тәрбиелік мәні зор болды.