26 қаңтар күні «Тұран» Лицейі» мектебінде 8–10 сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру кездесуі өтті. Іс-шара мектеп психологтарының кәсіби өзін-өзі анықтау бағытындағы жұмысы аясында ұйымдастырылды.
Лицей қонақтары ретінде «Тұран» университетінің Медиа және мәдениетаралық коммуникация жоғары мектебінің сениор-лекторы Татьяна Михайловна Затонская мен аталған жоғары мектептің директоры Анна Сергеевна Бузело қатысты. Қонақтар оқушыларға журналистика және PR бағыттары, осы мамандықтардың ерекшеліктері, оқу мүмкіндіктері мен болашақтағы мансаптық перспективалары туралы кеңінен әңгімелеп берді. Кездесу барысында қазіргі медиакеңістіктегі ақпаратқа жауапкершілікпен қарау, тексерілген дереккөздермен жұмыс істеудің маңыздылығы, сондай-ақ шынайы ақпарат пен жалған мәліметті ажырата білу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Іс-шараның практикалық бөлімі интерактивті форматта өтті: оқушылар кейстік тапсырмалар орындап, өз идеяларын таныстырып, университет өкілдерінен кері байланыс алды.
Кездесу лицей оқушыларының үлкен қызығушылығын тудырды. Ал ерекше қызығушылық танытқан оқушылар қонақтарға оқу үдерісі мен болашақ кәсіби мүмкіндіктерге қатысты қосымша сұрақтар қоюға мүмкіндік алды.




