27 тамыз күні «Тұран» лицейі» мектебінде Instagram-аккаунт жетекшілерінің есебі өтті.
Әрбір кафедра өз парақшасын жүргізіп, онда жаңалықтармен, жетістіктермен және мектеп өмірінің жарқын сәттерімен бөліседі. Аккаунт жетекшілері өз нәтижелерін таныстырып, атқарылған жұмыстар мен жаңа оқу жылына арналған жоспарлары туралы баяндады.
Әлеуметтік желілерді жүргізу білім беру бастамаларын ілгерілетудің, іс-шараларды жариялаудың және мектебіміздің имиджін нығайтудың маңызды құралына айналды.