Өзіне сенетін және табысқа ұмтылатындар үшін!
Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй

«Гүлдер патшалығы» жас суретшілерді шабыттандырды

12 Сәуір 2025

12 сәуірде «Тұран» лицейінде» «Мен суретшімін» атты IX Халықаралық жас суретшілер байқауының ашық тұсаукесері өтті. Биылғы жылы байқаудың тақырыбы –  «Гүлдер патшалығы», бұл тақырып әр түрлі елдердің балаларына өз жұмыстарында табиғаттың барлық сұлулығы мен алуан түрлілігін көркемдік көзқарас объективі арқылы жеткізуге мүмкіндік берді.

Байқау онлайн және офлайн форматта өтті. Байқау әлемнің түкпір-түкпірінен келген балаларға қатысуға мүмкіндік берді. Биылғы жылы Ресей, Израиль және Қазақстанның жас суретшілері өздерінің шығармашылық жұмыстарын ұсынды.

Байқауға біздің мектептің 20 оқушысы қатысты. Олардың әрқайсысы өзінің шеберлігі, өзіндік ерекшелігі және шығармашылығы үшін диплом алды. Өз жұмысы үшін гран-при дипломымен марапатталған 2 «А» сынып оқушысы Сарбаева Кристинаны ерекше мақтанышпен құттықтағым келеді. Бұл жетістік мектеп оқушыларының көркемдік дайындығының жоғары деңгейінің айқын дәлелі болды.

«Мен суретшімін» байқауы эстетикалық қабылдау мен көркемдік қабілеттерді дамытып қана қоймай, балаларды өнер арқылы біріктіру арқылы халықаралық мәдени алмасуға ықпал етеді.

    СІЗДЕ СҰРАҚТАР БАР МА?
    Сұрағыңызды жазыңыз және email-ді көрсетіңіз. Біз сізге жақын арада жауап береміз
    Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй