2026 жылғы 5 қаңтарда «Тұран Лицейі» мектебінің психологтері педагогикалық ұжымға арналған кәсіби күйзелістің алдын алуға бағытталған ғылыми-әдістемелік семинар өткізді. Бұл – мұғалім жұмысына тән жоғары эмоционалдық жүктемемен тығыз байланысты ең өзекті мәселелердің бірі.
Семинар қатысушыларға өздерінің эмоционалдық жағдайы мен шаршау деңгейін бағалауға мүмкіндік берген экспресс-диагностикадан басталды. Теориялық бөлімде психологтер кәсіби күйзелістің себептері, кезеңдері мен салдары туралы айтып, оның алдын алудың маңыздылығына ерекше назар аударды. Негізгі көңіл практикалық жұмысқа бөлінді. Педагогтер өздерінің ресурс жағдайын сезінуге бағытталған жаттығулар орындап, әр қатысушы өзіне тән қалыпқа келу ресурстарын айқындады және күйзелісті жағдайларда жедел өзіне-өзі көмек көрсету тәсілдерін меңгерді.
Іс-шара соңында қатысушылар жеке өзін-өзі қолдау жоспарын құрып, психологиялық саулықты сақтауға арналған ұсынымдар жазылған жадынамалар алды және алған әсерлерімен бөлісті. Педагогтер семинардың практикалық маңыздылығын және қауіпсіз, қолайлы ортада өз жағдайына назар аударуға мүмкіндік бергенін атап өтті.



