«Тұран» лицейінің оқушылары Морозова Карина мен Балапанова Аружан республикалық ProEco экологиялық жобалар байқауының аудандық кезеңінде жүлделі III орынды иеленді.
Биология пәнінің мұғалімі Акишева О.Ю. жетекшілігімен әзірлеген «Цетрария — табиғат пен өнердің үйлесімі» атты зерттеу жұмысы тақырыпты ашудағы ерекше әрі шығармашылық көзқарасымен қазылар алқасының назарын аудартты.
Жобада мектеп оқушылары цетрарияны (бұғы мүгі) тек табиғи ортаның маңызды элементі ретінде ғана емес, өнерге шабыт беретін қайнар көзі ретінде де көрсетті.
Карина мен Аружанның жұмысы экологиялық тақырыптың шығармашылық ойлау тұрғысынан қалай ашыла алатынын дәлелдейді. Жоба ғылыми тәсілді, өсімдіктің экологиялық қасиеттерін зерттеуді және көркем элементтерді біріктіріп, адам мен табиғат арасындағы үйлесімділіктің маңызын айқын көрсетті.
Оқушыларды лайықты нәтижемен құттықтаймыз және ғылым мен шығармашылық салаларында жаңа табыстар тілейміз!