Міне, лагерьдің екінші аптасы да аяқталуға жақын. Бүгінгі күн қанық әрі жарқын болды: балалар спортпен белсенді айналысып, шахмат турнирінде сайысты. Әркім өзінің күші мен шеберлігін көрсетуге тырысты.
Зияткерлік және спорттық сайыстардан кейін барлығы бірге Ганди атындағы саябаққа серуендеуге аттанды. Ашық ауада салқын балмұздақтан да жақсы не болуы мүмкін?!
Күннің соңында балалар би мен музыкамен айналысты, ал лагерь қайтадана күлкіге және шығармашылыққа толы болды.
Келесі аптада кездескенше! Жаз жалғасуда, демек, алда көптеген қызықты нәрселер бар!