Біздің мектептің 5-7 сынып қыздарына «Өтпелі жас және қыз бала гигиенасы» тақырыбында санитарлық-ағарту жұмыстары жүргізілді.
Сабақтың негізгі мақсаты гигиеналық мәдениет деңгейін арттыру, жасөспірімдердің әлеуметтік бейімделуі және салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру болды.
Іс-шара барысында қыз баланың жыныстық жетілу кезінде ағзада болатын анатомиялық, физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік өзгерістердің ерекшеліктері туралы ақпарат алды. Болып жатқан өзгерістерге саналы көзқарасты қалыптастыруға және олардың табиғилығы мен маңыздылығын түсінуге ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, сабаққа қатысушылар салауатты өмір салтының негіздерімен танысты: теңдестірілген тамақтану, күн тәртібінің мәні, қозғалыс белсенділігінің қажеттілігі, сондай-ақ жеке және интимдік гигиенаны сақтаудың маңыздылығы және т.б.
Денсаулықты нығайту, өзін-өзі оң бағалау мен өзіне деген сенімділікті қалыптастыру жолдары талқыланды.
Іс-шара қыз балалардың өз денесі туралы білімдерін кеңейтуге ғана емес, сонымен қатар олардың өзін-өзі күтуге және СӨС дағдыларын күнделікті өмірде практикалық қолдануға деген ынтасын арттырды.