11 «А» сынып оқушысы Толукан Зейнеп ағылшын тілі пәнінен аудандық пәндік олимпиадада сәтті өнер көрсеткеннен кейін 2025 жылдың 6-7 қаңтарында өткен қалалық кезеңге сенімді түрде өтті.
Бұл кезеңде қаланың үздік оқушылары ағылшын тілінің әртүрлі аспектілері: айтылым, тыңдалым және жазылым бойынша білімдерін көрсетті. Бәсекелестік жоғары болуымен қатар, әр қатысушы дайындықтың жоғары деңгейін көрсетуге тырысты.
Екі қиын кезеңнің және қатаң іріктеудің қорытындысы бойынша Толукан Зейнеп жүлделі 2 орынға ие болды! Үздік жетістіктері арқасында Мақтау қағазымен, ақшалай сыйлықпен және медальмен марапатталды.
Оқушыны олимпиадаға дайындаған және оның жетістігіне зор үлес қосқан ағылшын тілі мұғалімі Штефан Оксана Владимировнаға ерекше алғыс білдіреміз,
Толукан Зейнепке алар асуың мол болсын дегіміз келеді!