9 маусым күні мектеп жанындағы «Радуга» лагері көңілді таңғы жаттығудан басталды. Одан кейін балалар жазғы пейзаждар салып, шахмат ойнады.
Күннің басты оқиғасы Көк Төбеге саяхат болды. Онда балаларды «Денсаулық баспалдағы» мен серуен, көркем көріністер және таза ауа күтіп тұрды. Балалар қуана-қуана суретке түсіп, алған әсерлерімен бөлісіп, табиғат аясында демалды.
Бұл күн жарқын, мәнді әрі әсерге толы болды!