6 ақпан күні Талипова Гүлвира Ермантайқызы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен «Арыстан бап кесенесі» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Мәтінмен жұмыс жүргізу барысында POPS формуласы қолданылды, тірек сөздер арқылы ойды анықтап, өз пікірлерін білдірді. Мұғалім мақсатты анықтау және тұжырымдау, материалмен жұмыс істеу негізінде болжам жасау, тапсырмаға сәйкес өз іс-әрекетін жоспарлау, жұмыс барысында оқу іс-әрекетіне түсініктеме беру дағдыларын қалыптастыруға және бекітуге ықпал ететін әртүрлі тапсырмаларды пайдаланды. Тыңдау, сөйлеу, оқу және басқалардың сөзін түсіну дағдыларын меңгертуге арналған деңгейлік тапсырмалар ұсынылды.
Барлық тапсырмалар орындалды. Сабақ жоғары деңгейде өтті.