27 қараша күні «Тұран» Лицейі» мектебінде Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған спорттық шара өтті. Ұлы ақын жас кезінен-ақ халықтың салт-дәстүрлеріне, әдет-ғұрыптарына қызығушылық танытқан. Оның сүйікті ойындарының қатарында «Асық» пен «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойындары болған.
Бүгін осы қызықты ойындар біздің мектебімізде де бастау алды. Бастауыш сынып оқушылары ұлттық ойындарға қуана қатысып, белсенділік танытты. Олар халықтық дәстүрлермен танысып қана қоймай, өзара сыйластық пен ынтымақта болуды үйренді.
Ұлттық ойындар балаларды біріктіріп, бір-бірімен үйлесе әрекет етуге баулыды.




