Сабақтан тыс іс-шаралар аясында «Туран» лицейінің 6 «А» және 6 «Б» сынып оқушылары мектепалды даярлық тобы мен 1 «А», 1 «Б» сыныптарының оқушыларына арнап театрландырылған қойылымдар дайындап, көрсетті.
Алтыншы сынып оқушылары өздерінің авторлық ертегілерін сахналады. Олар қиялдарын, дербестіктерін және жоғары жауапкершіліктерін көрсетті: оқиғаларды ойлап тауып, рөлдерді өздері бөлісті, сондай-ақ қолда бар материалдардан декорация, қуыршақтар мен костюмдерді өз қолдарымен жасады. Әр қойылым – олардың бірлескен шығармашылығының нәтижесі болды, мұнда оқушылар әрі актер, әрі сценарист, әрі суретші-қоюшы рөлдерін атқарды.
Жұмыс жетекшісі – бейнелеу өнері және еңбек пәнінің мұғалімі Омарова Ляззат Сембаевна. Оның жетекшілігімен оқушылар шығармашылық қабілеттерін ашып қана қоймай, сонымен қатар қарым-қатынас жасау дағдыларын, қиялдарын, ұжымдық сезім мен өз-өзіне деген сенімділікті дамытты.
Мектепалды даярлық тобы мен бастауыш сыныптың кішкентай көрермендері қойылымдарды қызыға тамашалап, ойын сәттеріне белсенді қатысып, өнерпаз оқушыларды ыстық ықыласпен, қол шапалақтап қарсы алды.
Мұндай іс-шаралар мектепте жылы атмосфера қалыптастыруға, үлкен және кіші оқушылар арасындағы байланысты нығайтуға, сондай-ақ балалардың өнер мен шығармашылыққа деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.