2026 жылғы 10 наурызында «Тұран Лицейі» мектебінің психологтері 3–4 сынып оқушылары арасында психология пәнінен V жыл сайынғы викторина өткізді. Бұл шара мектептің жақсы дәстүріне айналды. Оның мақсаты – оқушылардың зейінін, логикалық ойлау қабілетін және топпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Викторинаға алты топ қатысты: үшінші сынып параллелінен үш сынып және төртінші сынып параллелінен үш сынып. Әр топ алдын ала өз атауын, таныстыруын және белгісін дайындап келді, бұл өзара бірлік пен ұйымшылдық атмосферасын қалыптастыруға көмектесті.
Викторина барысында қатысушылар логикалық тапсырмаларды орындап, зейінді дамытуға арналған жаттығуларды орындады, сондай-ақ команда ішінде бірлесіп жұмыс істеу және бір-біріне қолдау көрсету дағдыларын көрсетті.
Викторина қорытындысы бойынша орындар төмендегідей бөлінді:
1-орын – 4 «Б» сыныбының тобы,
2-орын – 4 «В» сыныбының тобы,
3-орын – 3 «Б» сыныбының тобы.
Номинациялар бойынша жеңімпаздар:
«Ең шығапмашыл топ» – 4 «А» сыныбы,
«Ең зейінді топ» – 3 «В» сыныбы,
«Ең ұйымшыл топ» – 3 «А» сыныбы.
Барлық топтар қатысқаны үшін грамоталармен және тәтті сыйлықтармен марапатталды. Жүлделі орын алған топтар үстел ойындарымен марапатталды.
Қатысушылар тапсырмаларға жоғары қызығушылық танытып, белсенділік көрсетіп, бір-біріне қолдау көрсете білетіндерін дәлелдеді.




