2025 жылдың 26 ақпанында «Тұран» лицейі» мектебінің психологтары 3-4 сынып оқушылары арасында психология бойынша IV жыл сайынғы викторина өткізді.
Балалар өз тобының тұсаукесерін дайындады: қарсыластарына атауын, ұранын, эмблемасын және тапсырмасын ұсынды. Әрі қарай қатысушылар қабылдау, ептілік, ойлау, назар аудару бойынша тапсырмаларын күтті. Барлық командалар қиындықтарды сәтті жеңді, ал төрешілер ұпайларды санап жатқанда көңілді сергіту сәті өтті.
Викторина нәтижелері:
I орын – 4 «Б» сыныбы;
II орын – 4 «А» сыныбы;
III орын – 3 «Б» сыныбы.
Номинациялар бойынша мадақтамалар:
«Ең тату топ» – 3 «В» сыныбы;
«Ең креативті топ» – 4 «В» сыныбы;
«Ең мұқият топ» – 3 «А» сыныбы.
Барлық қатысушылар мадақтамалар мен үстел ойындары және тәттісыйлықтарға ие болды.
Викторинаны өткізуге көмектескені үшін 7-8 сынып әділқазылары мен бақылаушыларына және барлық мұғалімдерге, тәрбиешілерге және бастауыш сынып жетекшілеріне қолдау көрсеткені үшін рахмет!