7 желтоқсан күні «Гүлдене бер, менің Қазақстаным» фестиваліне арналған қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің апталығы аясында Ермуханова З.А. 11-сыныпта «Құсбегілік-ұлттық өнер» тақырыбында сабақ өткізді.
Зәуреш Әшімқызының сабағы жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде өтті. Жағымды эмоционалды ахуал туғызу және оқушылардың өзіне деген сенімділігі мен өзін-өзі бағалауын арттыру үшін Зәуреш Әшімқызы сабақты психологиялық қыздырумен бастады. Суреттермен жұмыс сабақтың тақырыбы мен тірек сөздерді анықтауға мүмкіндік берді.
Мәтінді оқу, тыңдау және айту бойынша жан-жақты ойластырылған жұмыс әр оқушының сабақта көтерілген мәселе бойынша өз ойын айтуға мүмкіндік берді. Сабақтың әр кезеңі оқушылардың сөздік қорын байытуға, алдағы емтиханға дайындалуға, коммуникативтік құзыреттілігін дамытуға және шығармашылықпен өзін-өзі көрсетуге ықпал етті.
«Есімдіктер және оның түрлері» сабағының грамматикалық тақырыбын бақылау Google формасы арқылы жүзеге асырылды. Бұл онлайн сервис алдағы емтихандарға дайындалу үшін қолдануға ыңғайлы.
Рефлексия кезеңінде «жағымды, жағымсыз, қызық» әдісі арқылы оқушылар сабақтағы жетістіктерімен бөлісті.