14 қазанда 10 «Б» сыныбында ағылшын тілінен ашық сабақ өтті. Сабақты ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Оксана Владимировна Штефан дайындап, өткізді.
Сабақтың тақырыбы — әлеуметтік мәселелерді талқылау. Білімді өзектендіру кезеңінде оқушылар интерактивті ойын арқылы түрлі мәселелерді (әлеуметтік және экологиялық) санаттарға бөліп, сабақтың тақырыбын өздері анықтап, мақсаттарын тұжырымдады.
Сабақтың әртүрлі кезеңдерінде жұмыс жеке және топтық форматта ұйымдастырылды. Оқушылар тақырыпқа байланысты мәтіндік, аудио және бейнематериалдармен белсенді жұмыс жасады. Атап айтқанда, олар әйелдердің жұмыс орнында тең құқық үшін күрес тарихымен танысып, даулы сұрақтар бойынша өз пікірлерін дәлелді түрде жеткізді.
Сабақ барысында оқушылар тек тақырып бойынша өз ой-өрістерін және сөздік қорларын кеңейтіп қана қоймай, тілдік дағдыларын тиімді түрде шыңдады. Сабақ жоғары әдістемелік деңгейде өтті.