Өзіне сенетін және табысқа ұмтылатындар үшін!
Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй

ТҰРАН ЛИЦЕЙ МЕКТЕБІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЛЕГО КҮНІ

28 Қаңтар 2023

28 қаңтарда конструкторларды құрастыруға құмар балалар мен ересектерді біріктіретін мереке тойланады. Мүмкін, олардың көпшілігі үшін «конструктор» сөзімен бірінші байланыс «Лего» атауы болып табылады. Ал бұл мереке Халықаралық LEGO күні (International LEGO Day) деп аталады.

27 қаңтарда Конгресс-холлда «LEGO конструкторының қолөнер бұйымдары» атты көрме өтті.  Көрмеге қатысушылар 3 бөлім бойынша қатысуға шақырылды: Қазақстан Республикасының сәулет өнері және көрікті жерлері, еркін тақырып және нұсқаулыққа сәйкес құрастырылған конструктор.

Заманауи гаджет әлемінде  ойындар әлдеқайда құнды болады. Конструктор элементтерімен жұмыс істеу баланың ұсақ моторикасын, зейінділігін, табандылығын, шыдамдылығын, қиялын дамытуға мүмкіндік береді және процестің сәтті аяқталуы – өзін-өзі бағалаудың жоғарылауы.

Мұғалімдер мен лицей оқушылары кеңесінің мүшелерінен құралған сараптау комиссиясы байқауға қатысушылардың жұмыстарын және олардың баяндамаларын бағалады. Нәтижесін күтеміз!

    СІЗДЕ СҰРАҚТАР БАР МА?
    Сұрағыңызды жазыңыз және email-ді көрсетіңіз. Біз сізге жақын арада жауап береміз
    Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй