Өзіне сенетін және табысқа ұмтылатындар үшін!
Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй

аудандық  «МАХАМБЕТ ОҚУЛАРЫ» сайысы

7 Қараша 2023

7 қарашада Алматы қаласы білім басқармасының «Алматы Дарыны» дарынды балалар мен дарынды жастарды қолдау орталығының ұйымдастыруымен аудандық «Махамбет оқулары» байқауы өтті. Байқауға 8-11 сынып оқушылары қатысты.

10 «Б» сынып оқушысы Филиппова Анастасия «Ұлы.арман-Махамбет шығармаларынан иллюстрациялық сурет салу» бағыты бойынша қатысты.

Настя мәтінге иллюстрация жасап, композицияны шебер құрастырды, идеяны толық түсіндіре алды  Және III орынды иеленді.

«Алматы Дарын» орталығы Анастасия мен мұғалім Ермұханова Зәуреш Әшімқызына сертификаттар табыс етті.

Анастасияға оқуда табыс және қазақ тілін үйренуде одан әрі жетілуін тілейміз! Анастасия мен Зәуреш Әшімқызын лайықты жеңісімен құттықтаймыз.

    СІЗДЕ СҰРАҚТАР БАР МА?
    Сұрағыңызды жазыңыз және email-ді көрсетіңіз. Біз сізге жақын арада жауап береміз
    Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй