Оқушылардың сырт келбетіне қойылатын талаптар
Мектеп формасында айрықша белгі «Тұран» лицейі» логотипі бар. Логотип пиджактың, жилеттің, поло жейденің, спорттық жейденің, сарафанның, джемпердің, бомбердің сол жақ жоғарғы бөлігіне орналастырылады.
Қыз балаларға арналған салтанатты форма:
Ақ жейде, қою көк пиджак (жылы ауа райында міндетті емес), қою көк түсті белдемше (орташа ұзындықта) немесе шалбар, соның ішінде кюлот шалбар. Аяқ киім — туфли (мұрын және өкшесі жабық, өкше биіктігі 5 см-ден аспауы керек) немесе балеткалар.
Ұл балаларға арналған салтанатты форма:
Қою көк іскерлік костюм (пиджак пен шалбар), ақ жейде, галстук. Аяқ киім — туфли.
Қыз балаларға арналған күнделікті киім:
Поло жейде, водолазка немесе мақта мата жейде (көгілдір немесе ақ), қажет болған жағдайда (таңдау бойынша) пиджакпен, жилетпен, джемпермен, бомбермен (бір түсті, қою көк) толықтырылады. Сарафан, белдемше (қою көк, орташа ұзындықта), шалбар немесе кюлот шалбар киюге болады. Сонымен қатар классикалық үлгідегі, еркін пішімді, қою көк немесе қара түсті джинсы шалбарға рұқсат етіледі. Аяқ киім: балетка, слипон, мокасин, лофер, туфли-лодочка, кед, спортқа арналмаған кроссовка.
Ұл балаларға арналған күнделікті киім:
Жоғарғы бөлігі — поло жейде, водолазка немесе мақта мата жейде (көгілдір немесе ақ), қажет болса (таңдау бойынша) пиджакпен, жилетпен, джемпермен, бомбермен (бір түсті, қою көк) толықтырылады. Төменгі бөлігі — классикалық үлгідегі, еркін пішімді, ұзындығы тобықты жауып тұратын шалбар немесе джинсы (қою көк, кейде қара). Аяқ киім: мокасин, топсайдер, кед, слипон, спортқа арналмаған кроссовка.
Қыздар мен ұлдарға арналған спорттық форма:
Ақ немесе көгілдір футболка, қара түсті шорты немесе спорттық шалбар, спорттық кроссовка.