6 «А» сыныбының оқушы қыздары көркем еңбек пәнінің мұғалімі Ләззат Сембайқызы Омарованың жетекшілігімен саусақ театрын жасады. Қыздар киізден (фетрден) ертегі кейіпкерлері мен сахналық безендірулерді өз қолдарымен дайындады. Жұмыс барысында олар қиялдарын ұштап, шығармашылық қабілеттерін, шеберліктері мен ұқыптылықтарын көрсетті.
Барлық дайындық жұмыстары аяқталған соң, жас шеберлер 1 «А», 1 «Б» сыныптарының оқушыларына және мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілеріне ертегі қойылымын ұсынды. Кішкентай көрермендер қойылымды қызығушылықпен тамашалап, әрбір ертегі кейіпкерін қуанышпен қарсы алды.
Бұл шығармашылық жоба балаларға көптеген жарқын әсер мен ұмытылмас сәттер сыйлады. Жоғары сынып оқушылары бірлесе жұмыс істеуді, өзара ынтымақтастық орнатуды және көрермен алдында өнер көрсетуді үйренді.









