Өзіне сенетін және табысқа ұмтылатындар үшін!
Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй

Сөйлеу және сендіру өнері

20 Қазан 2026

11 «А» сыныбында З.А. Ермұханованың «Шешендік өнер» тақырыбында сабағы өтті.

Сабақ барысында оқушылар қазақ халқының шешендік өнерінің құндылығымен танысты. Олар қазақ билерінің даналық сөздерін еске түсіріп, өз ойын анық әрі жүйелі жеткізудің, көзқарасын дәлелдей білудің және өзгенің пікірін құрметтеудің маңыздылығын талқылады.Сонымен қатар оқушылар қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелерге де назар аударды. Әлеуметтік желілердегі қарым-қатынас мәдениеті, авторлық құқықты сақтау және даулы мәселелерді бейбіт жолмен шешу тәсілдері туралы пікір алмасты.Сабақта оқытудың түрлі әдіс-тәсілдері қолданылды. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өмірлік жағдаяттарды талдады, топтық жұмыстар орындап, «Заманауи билер соты» атты рөлдік ойынға қатысты. Әр оқушы өз пікірін білдіріп, нақты мысалдар келтіріп, әділ шешім ұсынуға мүмкіндік алды.Топтық жұмыс оқушылардың дербестігін арттырып, бір-бірін тыңдауға, өзара ынтымақтастықта жұмыс істеуге және ортақ шешім табуға ықпал етті. Сабақ соңында оқушылар өз жұмыстарына баға беріп, алған әсерлерімен бөлісті.

Бұл сабақ оқушылардың сөйлеу мәдениетін, сыни ойлау және қарым-қатынас дағдыларын дамытуға, ақпаратпен тиімді жұмыс істеуге, өзгенің еңбегін құрметтеуге және айтқан сөзіне жауапкершілікпен қарауға үйретуге бағытталды.

    СІЗДЕ СҰРАҚТАР БАР МА?
    Сұрағыңызды жазыңыз және email-ді көрсетіңіз. Біз сізге жақын арада жауап береміз
    Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй