«Алматы БАЛАFEST – 2026» қалалық балалар фестивалі аясында сәуір айында талантты, шығармашыл әрі мақсаткер оқушылардың басын қосқан аудандық кезең өтті.
Фестивальдің мақсаты — балалардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамыту және қолдау, жас ұрпақты белсенді демалыс пен спортқа баулу, қалада жарқын мерекелік көңіл күй қалыптастыру.
Лицейіміздің оқушылары мектеп намысын абыроймен қорғап, фестивальдің аудандық кезеңінде түрлі номинациялар бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды.
* «Кітап – білім бұлағы» номинациясы бойынша І орынды 11 «А» сынып оқушысы Смирнова Дарья иеленді (жетекшісі — Потредённая Ирина Алексеевна).
* «Жасыл Алматы» номинациясы бойынша І орынды 3 «А» сынып оқушысы Нұрмұхаметов Дармен жеңіп алды (жетекшісі — Ушакова Антонина Сергеевна). Сонымен қатар, 3 «А» сынып оқушысы Демидова Юлия ІІІ орын иегері атанды.
* «Вокалдық өнер» номинациясында Жекенева Карина (2 «В» сынып), Мамырасулова Нұрсия (2 «В» сынып) және Күсекбаева Адель (8 «Б» сынып) жүлделі орындарға ие болды (жетекшісі — Рыбакина Ирина Ингюновна).
* «Эстрадалық ән айту» номинациясында 7 «А» сынып оқушысы Меньшенина Вера ІІІ орын алды (жетекшісі — Рыбакина Ирина Ингюновна).
* «Жұлдызды сәт» номинациясының қатысушылары да өз өнерлерімен ерекшеленіп, І орын иегері атанды:
Сливнева Ева (1 «А» сынып),
Артемова Таисия (2 «А» сынып),
Аммосова Кюна (2 «А» сынып),
Суханова Мария (2 «А» сынып),
Шумейко Мария (2 «А» сынып),
Маймышева Мелисса (2 «В» сынып),
Мамырасулова Нұрсия (2 «В» сынып),
Ақжол Амина (4 «Б» сынып)
(жетекшісі — Массёрова Ирина Алексеевна).
Дарынды оқушыларымыз бен ұстаздарымызды лайықты жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Оларға шабыт, жаңа шығармашылық жетістіктер және толағай табыстар тілейміз!










