«Тұран» Лицейі» мектебінің 1 «А» сыныбында Қазақстан тарихына деген қызығушылықты қалыптастыруға, өз халқының мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеуге бағытталған «Сақтар – біздің көне ата-бабаларымыз» тақырыбында танымдық саяхат-сабақ өтті.
Сабақ барысында оқушылар сақ тайпаларының өмір салтымен, олардың кәсібі мен құндылықтарымен танысты. Сабақ ойын түрінде ұйымдастырылды: балалар топпен жұмыс жасап, шығармашылық тапсырмалар орындады, қимылды ойындарға қатысып, шағын зерттеулер жүргізді. Оқушылардың ерекше қызығушылығын сақтардың зергерлік бұйымдары мен аңдық стиль тақырыбы тудырды. Сабақтың әсерлі, эмоционалды қорытындысы ретінде даналықты, рух күші мен халық бірлігін бейнелейтін Томирис патшайымның образы ұсынылды. Бірлескен жұмыс балалардың белсенділігін, ынтымақтастықта жұмыс істей алуын және ортақ іске жауапкершілікпен қарау дағдыларын дамытуға ықпал етті.
Аталған сабақ тек танымдық қана емес, сонымен қатар тәрбиелік мәнге ие болып, оқушылардың адамгершілік қасиеттерін, отансүйгіштік сезімін және өз Отан тарихына деген құрметін қалыптастыруға ықпал етті.




