2025 жылдың 25 қарашасында қазақ тілі кафедрасының Абайдың 180 жылдығына арналған апталығы аясында «Абай ақын» атты мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқауға 3–9 сынып оқушылары қатысты.
Қатысушылар сөйлеу тазалығы, оқу мәнері, өзін және шығарманы таныстыра білуі, қазақ дыбыстарын дұрыс айтуы және таңдаған шығармасының көлемі бойынша бағаланды.




