3 қазан күні «Тұран» лицейінде көңілді де қызықты күн болды! Біз дәстүрлі Дублёр күнін өткіздік, бұл күні жоғары сынып оқушылары мұғалімдердің рөлін өздері орындап көрді!
Оқушылар тек мұғалімдерді алмастырып қана қойған жоқ — олар толыққанды сабақтар өткізіп, кіші сынып оқушыларымен жұмыс жасап, ерекше тәжірибе алды.
Бұл күннің маңызы зор:
-
Ол жоғары сынып оқушыларына мұғалім еңбегін түсінуге және бағалауға мүмкіндік береді.
• Жауапкершілік, өзіне сенімділік пен көшбасшылық қасиеттерді дамытады!
Дублёр күні — азаматтық жауапкершілік пен адалдыққа ұмтылысты қалыптастыратын «Адал азамат» бағдарламасының маңызды шарасы.
Мүмкін, осы дублёрлердің арасында лицейдің болашақ ұстаздары бар шығар! ✨




