Менің ұлым, 3 «Б» сынып оқушысы Павленко Светослав, шахматты Алла Валерьевнамен қатарынан екінші оқу жылында үйреніп жүр. Осы уақыт ішінде ұлымның ойынында елеулі өсу байқалды, өз күшіне деген сенімділігі артты. Ең бастысы – ол шахмат сабағына үлкен қызығушылықпен және қуанышпен қатысады.
Ұлым бірнеше турнирлерге қатысып, жүлделі орындар иеленді және 4-ші разрядты алды.
Алла Валерьевна – өте мұқият, қамқор педагог, әділ әрі ынталандыра білетін жаттықтырушы.
Ұлымның қабілеті мен дарынын дамытуға қосқан үлесіңіз үшін Сізге алғыс білдіремін, Алла Валерьевна!