2025 жылдың 5 қыркүйегінде «Тұран» лицейінде» 8–11 сынып оқушыларымен кездесу өтті. Іс-шара аясында «Отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына түсуге дайындық» тақырыбында таныстырылым ұйымдастырылды.
Мектеп жоғары сынып оқушыларын университетке түсуге дайындау орталығының ашылғанын жариялады. Орталықтың мақсаты – лицейде қажетті барлық жағдайды жасау, атап айтқанда:
- Халықаралық емтихандарға дайындық (SAT Maths, SAT English, IELTS);
- Ғылыми-зерттеу жұмысын жазуға жетекші іздеуге көмек көрсету;
- Ағылшын тілінде мотивациялық хаттар мен мақалалар жазу курсын құру;
- Волонтерлік қозғалысқа қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Осы құжаттар мен дағдылар жиынтығы, портфолиоға біріктіріліп, лицей оқушыларының университеттерге түсу кезінде бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Сонымен қатар, лицейде психологтар командасының ұйымдастыруымен жеке тұлғаны дамыту курсы өткізіледі, бұл түлектерге сенімділік пен көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыруға көмектеседі.
Орталық жоғары оқу орнын таңдауда жеке консультациялар жүргізуді жоспарлап отыр.
«Тұран» лицейі» жанындағы университетке дайындық орталығының кеңесшісі — Ахметова Махинур Кудатовна.