Қазіргі уақытта «Тұран» лицейі» мектебінде комендант болып жұмыс істеймін.
Менің өмірлік ұстанымдарым – құрмет, сыпайылық, әрқашан көмекке келуге дайын болу және ұқыптылық.
Күн сайын таңертең жұмысқа жиналғанда өзіме: «Сен бәрін жеңесің, ең бастысы – өз ісіңе деген ықылас пен махаббат» деп айтамын.
Мен Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының кітапханатану факультетін, сондай-ақ психология-педагогика факультетін тәмамдадым.
Мектепке дейін А.С. Пушкин атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында және «Тұран» университетінде жұмыс істедім.
Мен өз отбасыммен мақтанамын.
Ата-анам менімен тек мақтанып қана қоймай, олар мені өте жақсы көрді және әлі де жақсы көреді.
Бала күнімде мен еркелеуді, армандауды жақсы көретінмін, жаңа адамдармен танысқанды, қызықты кітаптар оқығанды, музыка тыңдағанды, бақылап, ойланғанды және сурет салғанды ұнататынмын.
Бала кезімде «Мектеп – өмірдің маңызды бөлігі»- деп есептейтінмін.
Қазір менің ойымша, мектеп балаға өзінің жеке қасиеттерін, даралығын, адамгершілік және шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асыруға ықпал етуі тиіс.
Мен өмір жолымда кездескен ұстаздарыма – ата-анама, әжем мен атамa және өмірімде болған әрі бар барлық адамдарға алғыс айтамын.
Біздің мектептің оқушылары үнемі өзгеріп жатқан өмір жағдайларында оңай бағдар таба алса, алған білімдерін өмірде қолдана білсе, жаңа идеялар ойлап табуға қабілетті, шығармашылықпен ойлайтын, үнемі адамгершілік, зияткерлік және мәдени деңгейлерін көтеріп отыратын болса екен деймін.
Жұмыстан кейін де мектеп туралы ойлар мені жібермейді.
Біздің мектептің оқушылары өз өмірлік жолдарын дұрыс таңдай алады және сол таңдауы арқылы әлемді жақсы жаққа өзгертуге үлес қосады деп үміттенемін.