2024 жылдың 11 қыркүйегінде «Тұран» Лицейі» мектебінің қабырғасында 2 «А» сынып оқушысы Сарбаева Кристинаның «Мен сурет салғанды ұнатамын…» атты жеке көрмесі ашылды.
Саванкина Лариса Владимировнаның жетекшілігімен Кристина «Шабыт» студиясында сурет өнерімен айналысады және жасына қарамастан бірнеше рет халықаралық шығармашылық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болған.
Біздің кішкентай суретшімізге өз талантын сақтауды, оны дамытуды, мұнымен тоқтап қалмауды және жемісті жұмыс істеуді жалғастыруды тілегіміз келеді.