Для тех, кто верит в себя и стремится к успеху!
Алматы, ул. Мынбаева, д. 102

Үйірме: «Scratch бағдарламалау»

Жетекшісі: Саттыбаева Л. И.

Іс-шараның мақсаты:
Интерактивті жобалар жасау арқылы оқушылардың тарих пен информатикаға деген қызығушылығын арттыру, бағдарламалау дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері:

  • оқушылардың Қазақстан тарихы бойынша, әсіресе ғұндар туралы білімдерін бекіту;
  • Scratch ортасында жұмыс істеу дағдыларын дамыту (анимациялар, интерактивті ойындар мен викториналар құру);
  • логикалық және шығармашылық ойлау қабілеттерін қалыптастыру;
  • информатика мен тарих пәндері арасындағы пәнаралық байланысты ұйымдастыру;
  • топпен жұмыс жасау және өз бетінше жобалау дағдыларын дамыту.

Іс-шараның барысы:
30 наурыз – 1 сәуір аралығында өткізілген «Scratch бағдарламалау» үйірмесінің есеп беру іс-шарасы аясында 5-сынып оқушылары арасында «Scratch арқылы тарихқа саяхат» тақырыбында викторина ұйымдастырылды.

Іс-шараның ерекшелігі – оқушылар викториналарды Scratch ортасында өздері әзірледі: тарих тақырыбы бойынша интерактивті тапсырмалар құрастырды, сұрақтар мен жауап нұсқаларын және ұпай есептеу жүйесін ойластырды. Бұл информатика мен тарих пәндері арасындағы тиімді пәнаралық байланысты қамтамасыз етті.

Викторинаны үйірмеге қатысатын 5 «В» сынып оқушысы жүргізіп, өзінің жобалық және ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсетті. Дайындалған жобалар тарих сабағында қолданылып, оқушылар белсенді қатысып, сұрақтарға жауап беріп, ұпай жинап, ғұндар туралы білімдерін бекітті.

Ерекше көзге түскен оқушы – Нарижный Роман. Ол 5-сынып оқушыларына арналған Scratch бағдарламасында өз викторинасын әзірлеп, интерактивті тапсырмалар, жауап нұсқалары бар сұрақтар және ұпай есептеу жүйесін қамтыды.

    У ВАС ЕСТЬ ВОПРОСЫ?
    Напишите свой вопрос и укажите ваш email. Мы ответим вам в ближайшее время
    Алматы, ул. Мынбаева, д. 102