Өзіне сенетін және табысқа ұмтылатындар үшін!
Алматы, Мынбаев көш, 102 үй

Гуламова Алия Кудайбергеновна

Мен ҚазМемЖенПИ «Шетел тілі: екі шет тілі» (бакалавр), Халықаралық бизнес университеті: Бухгалтерлік есеп және аудит (бакалавр), ҚазМемЖенПУ: Шет тілі: екі шет тілі (магистратура) оқып, бітіргенмін.

 

Мектепке дейін «Тұран» лицейі №15 лингвистикалық гимназияда, «Қайсар» ДУОҚ-да жұмыс істедім.

 

Мен өз отбасымды мақтан тұтамын.

 

Оқушы кезімде мектеп достармен араласатын жер деп ойлайтынмын.

 

Жалпы, бала кезімде бастауыш сынып мұғалімі болуды армандайтынмын.

 

Қазір ойлап отырсам, мектеп көп оқушының өмірін өзгертуге, білімді адам болып қалыптасуына септігін тигізеді.

 

Маған ұстаз болған жандар: Колька Надежда Алексеевна, Мұңайтбасова Майя Байдуллақызына алғысым шексіз.

 

Мен де шәкірттерімнен барлық жаңалықты тез білуге, жаңалық ашуға деген құштарлықты үйренемін.

 

Таңертең тұрып, сабаққа дайындалу үшін мен өзіме: «Міндетті түрде!!!» -деймін.

 

Жұмыстан кейін мен әдетте жұмыс істеймін.

 

Болашақтың идеал мектебі – әрбір оқушының қабілетін ашу, жоғары технологиялы, бәсекеге қабілетті әлемде өмір сүруге дайын тұлға тәрбиелеу.

    СІЗДЕ СҰРАҚТАР БАР МА?
    Сұрағыңызды жазыңыз және email-ді көрсетіңіз. Біз сізге жақын арада жауап береміз
    Алматы, Мынбаев көш, 102 үй